- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қалың қар, көктайғақ,...
Қалың қар, көктайғақ, екпіні күшті жел: синоптиктер 13 өңірде ауа райына байланысты жасады
Синоптиктер елдің 13 өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын, оның ішінде екпін күшті жел соғып, қалың қар жауатынын және тұман мен көктайғақ болатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Қарағанды облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда секундына 23-28 метр болады.
Маңғыстау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматыда кей уақыттарда тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында, күндіз екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метрге жетеді.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні - 23-28 м/с.
Қызылорда облысында оңтүстігінде көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші - 15-20 м/с.
Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Ақтөбе облысында кей уақыттарда бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде обыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан