- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қалың қар жауып,...
Қалың қар жауып, боран соғады. 5 қаңтарда ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан аумағы Атлантикалық циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, сондықтан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста - қар, шығыста-қатты қар жауады. Еліміз бойынша жел күшейіп, бірқатар өңірде көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі.
Ақмола облысының батыс, оңтүстік, шығыс бөліктерінде боран, тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың батыс, оңтүстік, шығыс бөлігінде оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғуы мүмкін, шығыста түнде оның күші 23 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін. Облыстың солтүстігі мен орталығына оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 17 м/с жетеді.
Астана қаласында бұрқасын болуы мүмкін. Түнде және таңертең оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Оның екпіні оңтүстік-батыста, таулы аймақтарда 15-20 м/с болса, түнде және таңертең 23-28 м/с дейін күшейеді. Тараз қаласында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде және таңертең 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін болады.
Жетісу облысының орталығы, оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Орал қаласында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтау қаласында түнде тұман болуы мүмкін.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Облыс орталығында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа қарай ауысып, 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының шығысы мен оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік пен шығысқа оңтүстік-батыстан жел соғады. Жылдамдығы – 15-20 м/с. Павлодар қаласында бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Таңертең және түнде жылдамдығы 15-18 м/с болатын оңтүстік-батыстан жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде түнде қар жауады. Оңтүстік-батысында бұрқасын болуы мүмкін. Батыс, шығысында тұман түседі.
Түркістан облысыныңтаулы аймақтарында бұрқасын болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігі мен таулы өңірлерінде тұман түседі. Солтүстік, батыс және таулы аймағына оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Жылдамдығы күндіз - 15-20 м/с, түнде және таңертең секундына 25 метрге дейін жетеді.
Түркістан қаласында оңтүстіктен, оңтүстік батыстан жел тұрады, жылдамдығы - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын түсуі мүмкін, солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Облыстың көп бөлігінде боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с дейін күшейеді. Өскемен қаласында жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Абай облысында жауын-шашын болады, шығысы мен оңтүстігінде қалың қар жауады. Облыстың көп бөлігінде боран, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 23-28 м/с дейін жететін жел соғады. Семей қаласында жауын-шашын, боран, көктайғақ болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.
Қарағанды облысының оңтүстігі, шығысы мен солтүстігінде боран, тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 23-28 м/с дейін, күндіз солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жетеді. Қарағанды қаласында боран, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады.
Ұлытау облысының көп бөлігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан түнде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Күндіз солтүстігі мен шығысында соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Жезқазған қаласында боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы түнде 15-20 м/с жетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова