Кальян vs темекі. Қайсысы денсаулыққа зиянырақ екені белгілі болды

Кальян vs темекі. Қайсысы денсаулыққа зиянырақ екені белгілі болды
Фото: Коллаж: depositphotos.com

Эндокринолог, медицина ғылымдарының докторы Зухра Павлова кальянның ағзаға тигізетін зияны темекіден кем емес екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, кальян түтінінде темекі түтініне қарағанда улы заттар көп, ал кальянға қолданылатын су сүзгісінде зиянды қоспалардың үш пайызы ғана сақталады. Павлова кальян шегу кезінде адам темекі шегуге қарағанда шайырды 70 есе және көмірқышқыл газын 11 есе көп жұтатынын атап өтті.

"Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, кальян да, темекі де жүрек пен қан тамырларына зиян тигізеді. Сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруының дамуына әкелуі мүмкін", - деп ескертті дәрігер.

Сонымен қатар эндокринолог 50-ге жуық адам 30 минут бойы кальян шегіп, зерттеуге қатысқанын айтты. Анықталғандай, осы уақыт ішінде олардың қан қысымы көтеріліп, жүрек соғысы минутына 16 рет жиілеген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Литпин