Қазақстанда кальян сататын мейрамханаларға жаза күшейтіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінде кальянды мейрамханалар мен түрлі барларда сатылып жатқанын білеміз. Бұл мәселе бойынша Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, тиісті нормаларды пысықтап жатырмыз. Әкімшілік кодекс аясында айппұл сомасын көтеру ұсынылып отыр. Сондай-ақ заңға жаңа нормалар енгізілмек. Яғни қолданыстағы заңнама кальян шегетіндерге қатысты шара қолдануды ғана реттейді. Алайда рестораторларға немесе осы темекі заттарын өз нысандарында сататын кәсіпкерлерге қатысты нормалар қарастырылмаған. Сондықтан осы мәселелерді пысықтап жатырмыз", - деді Гүлнар Сәрсенбаева Сенат кулуарында.
Оның айтуынша, жаңа норма аясында айппұл сомасы артып, кәсіпкерлердің жауапкершілігі күшейеді.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!