- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кальций жетіспеушілігінің 9...
Кальций жетіспеушілігінің 9 белгісі
Фото:
pixabay.com
Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында кальций жетіспеушілігінің 9 белгісін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, кальций жетіспеушілігі баланың да, ересек адамның да проблемасына айналды.
Нутрициолог Лаура Сейітбек кальций үш негізгі міндетті атқаратынын айтты:
- Асқорыту жұмысына, жүйкеге, адамның қорғаныш қабілетінің жетілуіне қатысады.
- Қанды тазалауда басты рөл атқарып, жүректің қалыпты жұмыс жасауына кепіл болады;
- Мидан жүйке жүйесі арқылы ағза бөліктеріне белгі береді. Яғни, ми адамның тойғаны немесе ұйқысы келгені туралы белгілер жібереді, осы хабарды жүйке жүйесінің талшықтары арқылы керекті жеріне жетікізуге кальций жауапты.
Сонымен қатар, кальций бұлшықеттердің ширығуы, босаңсуы және қанның ұю процесіне де жауапты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Маман ағзаға кальций жетіспейтінін мына белгілерден байқауға болатынын айтты:
- Сүйек тығыздығы төмендейді;
- Бұлшықеттер құрысады;
- Көгерген жерлер пайда болады;
- Етеккір кезінде ауырсыну болады;
- Есте сақтау қабілеті төмендейді;
- Тырнақтар сынғыш келеді;
- Тіс жиі ауырады;
- Денеңіз ұйып қалады;
- Тез шаршайсыз.
"Мұның соңы остеопороз, жүрек-қан тамырларының ауруы, жоғарғы қан қысымы, қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі", - деп ескертті ол.
Кальций қандай тағамдардың құрамында көп? Мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова