- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қалтаңа қарай көсілу...
"Қалтаңа қарай көсілу керек". Жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша несие алып, қарызға батқандарды сынады
Әнші Бүркіт пен оның жары Аиша көпшілікті несие алмауға, қарызсыз өмір сүруге шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иелері желідегі парақшасында жеке пікірін айтып, мұның бәріне Instagram кінәлі екенін атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Автосалонға кірдік, бес-алты менеджер "келесі кезек кімдікі" деп күтіп отыр. Қарасақ, сол жерде жүргендердің 80 пайызы несиеге көлік алып жатыр. Ал пайызы сұмдық. Адамдар қалай қарызға өмір сүреді? Бұл - дұрыс емес, арты жақсылыққа апармайды. Қалтасында қанша ақша бар, соған лайық көлікті айдау керек қой. Түсінбеймін, қалтаңа қарап көсілу керек. Қарызға батсаң, ұйқың тыныш болмайды. Несиеге алған көлікті соғып алсаң не болады? Көліктің орнына несиесін төлеуге мәжбүр боласың. Ал банк жағдайыңды түсінбейді. Сол үшін қалтаңда бар ақшаңа сай өмір сүру керек. Жалпы халықтың қарызға батып, осылай несие үстіне несие алып жүргеніне Instagram кінәлі", - деді әнші Бүркіт.
Оның бұл пікіріне жары Аиша да келісетінін айтты.
Желі оқырмандары әншінің бұл пікірімен келіспейтінін жазды. "Алдымен қарапайым халық сияқты өмір сүріп көріңдер", "тоқ бала аш баламен ойнамайды" дегендей болды ғой", "өздері интернетте әдемі өмірін көрсетіп, мақтанады, басқалары соған жетудің жолында кредит алады", "көлік түгіоі азық-түлікті несиеге алып жеп отыр" деп жазды олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы