Желіде үшбұрыш пакеттегі шайдың зиян екені туралы ақпарат бар. Мұндай пакеттегі шайды ішкен адам қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін деседі. "Проверено" басылымы деректің қаншалық шынайы екенін тексеріп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Factcheck.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпарат бірқатар жерде жарияланды. Мақалаларда көп дәрігер мұндай пакеттегі шайды қайнатып ішуді құптамайтынын айтқан.
Көбі шайдың өзі емес, шай оралған пакеттің материалы адам ағзасына зиян екенін айтады. Пакет пластиктен жасалады. Кейбірі бұл пакеттерді қайнатқанда микропластиктер мен нанопластик бөлінеді де, кейін адам ағзасына түседі дейді.
Шай өндіретіндер әдетте қаптаманың сыртында немесе уеб-сайтында шайдың пакеті неден жасалғанын жазып қоймайлы. Дегенмен 2013 жылы Корк университетінің (Ирландия) ғалымдары сегіз танымал брендтің пакеттері табиғатта қаншалық тез ыдырап кететінін, қоршаған ортаған әсерін зерттеп көрді. Өндірісте қолданылатын барлық дерлік материалдар пластиктен тұрады (толық целлюлозадан жасалғандарды қоспағанда, бірақ үшбұрыш пакет оған жатпайды).
Кәдімгі шай пакеттері мен үшбұрыш пакеттегі шайлардыу айырмашылығын бірден байқауға болады. Мысалы, кәдімгі пакеттер қағаздан жасалған болып көрінсе, үшбұрыш пакеттер синтетикалық матаға ұқсайды.
Әдетте шайды адамдар +90 градус ыстық суда қайнатады. 2019 жылы Канаданың МакГилл университетінің бір топ ғалымдары құрамында пластмассасы бар шай пакеттері әдетте +90 градустан жоғары су температурасында қайнатылса, қауіпті болуы мүмкін екенін айтады. Себебі шай пакеттері ең көбі +40 градуста қайнатылуы керек. Ғалымдар +95 градус ыстық суда шай пакетін қайнатып, кейін сусынның құрамын зерттеп көрді. Шай құйылған кеседе 16 микрограммға дейін микропластик қалғаны белгілі болды.
2021 жылы Мәскеу мемлекеттік азық-түлік өндірісі университетінің (MGUPP) ғалымдары классикалық шай пакеттері мен үшбұрыш пакеттегі шайларды зерттеді. Үшбұрыш қаптамадағы шайлардан микро және нанопластиканың бөлінетіні анықталды.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының 2019 жылғы мәліметі бойынша, адам аптасына шамамен 5 грамм, жылына 250 грамм микропластик тұтынады. Дегенмен пластиктер тек шай пакетінде емес, су бөтелкесінде, фастфуд жәшігінде, кофенің қағаз стақанында да кездеседі.
Микропластиктің адам ағзасына падасы жоқ, дегенмен оның ұзақ тұтынса, денсаулыққа қаншалық зияны екені де нақты белгілі емес.
Ұлыбританиялық Рускин университетінің ғалымдары 2021 жылы осы тақырып бойынша зерттеулердің шолуын жариялады және микропластика ағзаның иммун және күйзеліс реакциясын тудыруы мүмкін, сонымен қатар адамның репродуктив функциясына зиянын тигізеді деген қорытындыға келді. Дегенмен сарапшылар мұндай зардаптардың әлі нақты дәлелі жоқ екенін және қорытындылар жануарлар мен жасуша дақылдарына жүргізілген зерттеулер негізінде жасалғанын айтып өтті.
Бір жылдан кейін ДДҰ сол кездегі академиялық жұмыстарды да қарап шықты. Бірақ микропластиктың денсаулыққа қандай да бір зиянын дәлелдейтін сенімді дәлел таппады.
Қорытындылай келе, "адам азық-түліктегі немесе шайдағы микропластикті тұтынғаннан қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін" деген мәлімдемені растай ақпарат аз. Нақты шай пакеттерінен қатерлі ісікке шалдығу туралы ақпарат асыра сілтеніп айтылған болса керек. Себебі шай пакеттеріне қарағанда басқа өнімдер арқылы көп микропластика тұтынады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!