"Қалпына келтіре алмаймын". Еңбек кітапшасы өртеніп кетсе, зейнетақы рәсімделе ме?

"Қалпына келтіре алмаймын". Еңбек кітапшасы өртеніп кетсе, зейнетақы рәсімделе ме?

Еңбек кітапшасы жоқ болған жағдайда қазақстандықтар не істей алады? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Гауһар Телжанова жауап береді, - деп хабарлайды Diapazon.kz.

"Менің құжаттарым өртте өртеніп кетті, оның ішінде еңбек кітапшасы да бар. Мен оны қалпына келтіре алмаймын. Мен жұмыс істеген компаниялар әлдеқашан жабылды. Бірақ қолымда нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі бар. Ол зейнеткерлікті рәсімдеуге қабылдана ма?" - дейді ақтөбелік тұрғын Сағадат. 

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V Заңына сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін барлық құжатты ХҚКО-ға түпнұсқада ұсыну қажет. Сондықтан еңбек кітапшасы өртеніп кетсе, бүкіл жұмыс кезеңіне еңбек өтілін растайтын анықтамалар алу үшін мұрағат мекемелеріне хабарласуыңыз керек. Қазақстандағы мұрағаттарға сұранысты қаладағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығындағы қызмет көрсету аймағы арқылы беруге болады, бірақ бұл үшін ЭСҚ қажет. Қалалық және аудандық мұрағаттардан жауап болмаса, тұрғылықты жері бойынша сотқа талап арыз жазу қажет. Сізге сізбен бірге жұмыс істеген куәгерлер және олардың мекемеде қызмет еткені туралы жазба бар еңбек кітапшасы қажет болады", - деп жауап қайтарды Гауһар Телжанова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек