- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қалқанша безі қатерлі...
Қалқанша безі қатерлі ісігінің ЖРВИ-мен шатастырып алуыңыз мүмкін белгілері
Эндокринолог Виктория Андреева қалқанша безі қатерлі ісігінің қандай белгілерін әдеттегі респираторлық аурулардың белгілерімен шатастыру мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Новости Mail.ru-ға" сілтеме жасап.
Виктория Андрееваның айтуынша, қалқанша безінің қатерлі ісігінің ерте кезеңінде ЖРВИ-ге ұқсас белгілер болуы мүмкін. Олар:
- тамақтағы ауырлық сезімі;
- лимфа түйіндерінің ісінуі;
- дауыстың қарлығуы;
- ыстықтау, терлеу;
- әйелдердегі етеккір циклінің бұзылуы;
- жиі бас айналу;
- көңіл-күйдің кенеттен өзгеруі;
- салмақ тастау.
"Кейде қалқанша безі қатерлі ісігінің белгілері мүлде болмауы да мүмкін. Онкологиялық аурудың бұл түрі көбінесе ультрадыбыстық зерттеу кезінде кездейсоқ анықталып жатады. Егер аталған белгілердің кем дегенде біреуін байқасаңыз, ғаламтордан ем іздемей, дереу дәрігер кеңесін алыңыз", - деді ол.
Дәрігер көбінесе қалқанша безінің қызметі мен қан талдау нәтижесі қалыпты болуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан маман нақты диагнозды тек дәрігер жүргізілген медициналық зерттеуден кейін қоя алатынын ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін онкологтар қалқанша безі қатерлі ісігінің екі білінбейтін белгісін атаған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстан аумағында қанша экономикалық аудан бар?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә