Калифорния тұрғыны аю мен оның қонжығы үйге кіріп, ас үйінде қалай тамақтанғанын түсіріп алған. Кадрларды UPI ақпарат агенттігі жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Үй иесі Элис Тейлор ас үйден шыққан шуды естіген. Осылайша, не болып жатқанын тексеруге келген. Ол аю мен оның қонжығы терезедегі торды бұзып кіріп, үстелде қалған тәттілерді жегенін көрген.
Әйел бірнеше рет айқайлаған. Жануарлар қорқып, келген жолымен, яғни терезеден шығып кеткен. Элис Тейлордың айтуынша, аюлар үйге екінші рет кіріп отыр.