- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қалай ұялмайсыздар?". Жеңіс...
"Қалай ұялмайсыздар?". Жеңіс Ысқақова Ақтөбедегі жолдың жағдайын айтып, әкімдікке үндеу жасады
Жеңіс Ысқақова Ақтөбедегі жолдың шұрық тесік екенін айтып, әкімдікке үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші үндеуді Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Ақтөбеллік достар, сіздерге қонақжайлылықтарыңыз үшін мың алғыс. Көңіл күйім керемет.
Бірақ Ақтөбе қаласының орталық көшелері көңіл күйімді түсірді. Әлемге әйгілі Ақтөбе қаласының орталық көшелері неге шұрық тесік? Қалай ұялмайсыздар, әкімдік, сіздер тікұшақпен жүресіздер ме? Егер қала ішіндегі көшелер осындай шұрық тесік болса, сыртқы ауыл-аймаққа қатынайтын көшелердің жағдайын айта алмаймын. Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының әкімдігі, мен екі күн бұрын Қызылорда қаласында гәстрөлде болдым. Ол жақтағы көшелер теп-тегіс. Экологиялық жағдайы төмен Қызылорда қаласының көшелері тап-таза, көгалдандырылған. Қызылорданың әкімдігіне барып, шеберлік курсын алыңыздар. Сіздердің намыстарыңызға солай тимесе болмайды екен. Менің намысыма тиіп тұр", - деді әнші.
Жеңіс Ысқақованың пікірін көпшілік қолдай кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова