Сәнді көріну үшін бренд киімдерге миллион ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Кейде киімдегі жапсырманың көп болуы оның құнын айтарлықтай төмендетуі мүмкін, өйткені логомания арқасында көп көшірме пайда болды. Tengri Lifestyle тілшісі сәнді гардеробтың негізгі лайфхактарын жинады.
Пішінге сәйкес келетін киім
Қазір трендте бос тұратын күртелер, футболкалар, шалбарлар мен аяқкиімдер. Бірақ үлкен өлшемді стиль әрқашан жарасымда болып көрінбейді. Әрине, бел мен иыққа кішкентай болатын киімді сатып алудың қажеті жоқ. Сәнді болудың басты құпиясы мінсіз үйлесімділікте жатыр. Классика пішіміндегі киімдерді таңдау әрқашан сәнді көрінуге көмектеседі. Сатып алуды жоспарлаған кезде маусымдық жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстарды пайдаланыңыз, негізгі палитраны таңдаңыз және трендте болғандықтан ғана заттарды сатып алмаңыз.
Әшекейлер
Зергерлік бұйымдарды ұнататындарға өнім материалына назар аудару ұсынылады. Көбіне пластиктен жасалған сырғалар немесе сапфирлері бар білезік образды "арзан" етеді. Өнімнің түсі де маңызды рөл атқарады: жез, алтын және күміс – ең жақсы шешімдер. Аксессуарларды таңдағанда, минимализмді ұстанған жөн.
Поло футболка мен жемпір
Қайырма жаға гольф ойнайтындардың немесе Айви Лигасы студенттерінің стиліне ұқсатады. Кәдімгі ақ көйлекті жемпір поломен ауыстыруға болады, ол образды бірден өзгертеді.
Былғары аяқкиім
Классикалық аяқкиім барлық уақытта өзекті. Нағыз былғарыдан жасалған жоғары сапалы аяқкиімді сіз бір маусымнан аса уақыт кие аласыз, бұл бюджетті үнемдейді. Тағы бір артықшылығы-табиғи өнімдер ауаны өткізеді. Бұл аяқтардың дем алуына мүмкіндік береді, синтетика өнімдері ауа өткізбейді.
Ашық түсті шалбар
Шалбардың қара түсі ашық түстіге қарағанда ұтымдырақ. Бірақ ақшыл шалбар көп жыл бойы стильдің негізі болды. Оларды классикалық аяқкиіммен де, кроссовкалармен де киюге болады. Бірақ шалбар таза болуы керек. Ақшыл шалбарды кимес бұрын ауа райы болжамын көруді ұмытпаңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!