Танымал әнші Ерке Есмахан екінші ұлы Исламға дайындалған бөлме туралы қызық дерек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, ұлының бөлмесін әрлеуге 130-140 ойыншық кеткен.
"Қонжықтар қабырғада ілініп тұр. Осыны жасайтын кезде "ертең үйге келген қонақтарға бір-бір қонжықтан жұғысты болсын" деп таратамыз деп ойлағанбыз. Міне, сол күнге де жеттік. Мына бұрыштағы ойыншық аюларды таратып бастадық. Қалай жасалғанын айтайын ба? Осындай Д ағашқа шеге бұрады, сосын аюдың мойнындағы лентаны шегеге айналдырып, папасы ерінбей жасады. Ал таратамын, керек болса жазыңыздар", - дейді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Raim мен Ерке Есмахан ата-ана атанып, ұлдарына Ислам деген есім қойғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!