“Қалай десек те, шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады“ - Тоқаев жаңа Конституция туралы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа Конституцияға қатысты шешім жалпыұлттық референдумда қабылданатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

️Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, жаңа Конституцияның жобасы жекелеген түзетулер енгізілген жоба емес.

"Бұл өзгерістердің басты мақсаты – жаңа тарихи дәуірде мемлекеттің негіздерін түбегейлі қайта құру, қоғамдық сананы жаңғырту. Жаңа Конституция жобасына аса қажет әрі озық нормалар енгізілген. Біз бәріміз бір ел болып ырыс-ынтымағымызды, береке-бірлігімізді сақтай отырып, эволюциялық, яғни табиғи жолмен дамып келеміз. Бұл өте маңызды. Бұдан басқа жол жоқ. Жаңа Конституция Қазақстанды тың қарқынмен өркендетуге, әр азаматтың әлеуетін арттыруға жол ашады деп сенемін. Қалай десек те, Ата Заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады", - деді Тоқаев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!