Кейінгі кездері елімізде автокөлікті сақтандыру кезінде жасалатын алаяқтық көбейді. Мысалы ҚР ІІМ деректері бойынша, былтыр 13 мыңнан астам қазақстандық 11,3 миллиард теңгеге жуық шығынға ұшыраған. Ал биыл екі ай ішінде осыған ұқсас 3 645 жағдай тіркелді. Яғни алаяқтық былтырғы ақпанмен салыстырғанда 8,3 пайызға артқан. Осыған байланысты Freedom Insurance АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев Massaget.kz тілшісіне алаяқтарды дер кезінде қалай тануға болатынын түсіндірді.
Бүгінде Қазақстандағы барлық сақтандыру компанияда онлайн-сервистер (сайттар, қосымшалар) бар, олардың көмегімен міндетті сақтандыруды (азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру) рәсімдеуге болады. Маманның айтуынша, онлайн-сақтандырудың қарқыны өсіп жатыр. Мәселен, ОКПО онлайн-сатылымының үлесі 2019 жылы 3 пайыз болса, 2023 жылы 25 пайызға дейін өскен. Қалған автокөлік иелері сақтандыру компанияларының бөлімшелерінде автосақтандыруды өз бетінше сатып алуды жөн көретін көрінеді.
ҚР ІІМ деректері бойынша, онлайн-алаяқтық соңғы жеті жылда 10 есеге артқан. 2023 жылы 9 ай ішінде алаяқтықтың осы түрінің 15 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Сондықтан Азамат Керімбаев алаяқтардың ең көп қолданатын схемасын ұсынды.
"Алаяқтар көбінесе вишинг және фишинг секілді әдістерді пайданаланады. Алаяқтық несиелер де белсенді қолданылып жүр. Алаяқтықтың бұл түрі әлеуетті жәбірленушінің жеке қатысуын талап етеді. Онда фишинг белгілері бар, өйткені жәбірленуші алдымен бағдарсыз, содан кейін несие алуға және ақшаны үшінші тұлғаларға жіберуге мәжбүр болады", - деді ол.
"Сақтандыру полисінсіз көлік жүргізу 17 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, жол полициясының шешімі бойынша көлік айыппұл тұрағына апарылуы мүмкін", - дейді маман.
Freedom Insurance АҚ басқарма төрағасы банк қызметкері ешқашан өзі қоңырау шалып, сізден онлайн төлем жасауды талап етпейтініне назар аударды.
"Қаржылай мәселелер ешқашан банк қызметкерінің қоңырауы арқылы шешілмейтінін есте ұстаған дұрыс. Егер банк қызметкері сіздің шотыңыздағы күдікті операцияны байқаса, сізге қоңырау шалмай, бірден бұғаттайды. Осыдан кейін банк сіздің шотыңыздағы немесе картаңыздағы операциялар бұғатталғаны туралы хабарлама жібереді. Мәселені шешу үшін қаржы компаниясының филиалына хабарласу қажет. Сіз ақпаратты қайта сұрай аласыз, нақтылай аласыз, оны қайталауды сұрай аласыз немесе әңгімені аяқтап, сақтандыру компаниясына/банкіне дереу қоңырау шалып, болған жағдай туралы хабарлай аласыз", - деп түсіндірді ол.
Маманның сөзінше, ең маңыздысы - банк картасына және жеке басына қатысты құжаттардың деректерін бөтен адамға бермеу.
Тағы да оқи отырыңыздар: Биыл қанша оқушы «Алтын белгіге» үміткер?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!