- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қалай автокөлікті сақтандыру...
Қалай автокөлікті сақтандыру кезінде алаяқтардың құрбаны болмауға болады? Маманнан кеңес
Кейінгі кездері елімізде автокөлікті сақтандыру кезінде жасалатын алаяқтық көбейді. Мысалы ҚР ІІМ деректері бойынша, былтыр 13 мыңнан астам қазақстандық 11,3 миллиард теңгеге жуық шығынға ұшыраған. Ал биыл екі ай ішінде осыған ұқсас 3 645 жағдай тіркелді. Яғни алаяқтық былтырғы ақпанмен салыстырғанда 8,3 пайызға артқан. Осыған байланысты Freedom Insurance АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев Massaget.kz тілшісіне алаяқтарды дер кезінде қалай тануға болатынын түсіндірді.
Бүгінде Қазақстандағы барлық сақтандыру компанияда онлайн-сервистер (сайттар, қосымшалар) бар, олардың көмегімен міндетті сақтандыруды (азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру) рәсімдеуге болады. Маманның айтуынша, онлайн-сақтандырудың қарқыны өсіп жатыр. Мәселен, ОКПО онлайн-сатылымының үлесі 2019 жылы 3 пайыз болса, 2023 жылы 25 пайызға дейін өскен. Қалған автокөлік иелері сақтандыру компанияларының бөлімшелерінде автосақтандыруды өз бетінше сатып алуды жөн көретін көрінеді.
Алаяқтардың ең жиі қолданатын әдістері
ҚР ІІМ деректері бойынша, онлайн-алаяқтық соңғы жеті жылда 10 есеге артқан. 2023 жылы 9 ай ішінде алаяқтықтың осы түрінің 15 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Сондықтан Азамат Керімбаев алаяқтардың ең көп қолданатын схемасын ұсынды.
"Алаяқтар көбінесе вишинг және фишинг секілді әдістерді пайданаланады. Алаяқтық несиелер де белсенді қолданылып жүр. Алаяқтықтың бұл түрі әлеуетті жәбірленушінің жеке қатысуын талап етеді. Онда фишинг белгілері бар, өйткені жәбірленуші алдымен бағдарсыз, содан кейін несие алуға және ақшаны үшінші тұлғаларға жіберуге мәжбүр болады", - деді ол.
- Вишинг - алаяқтар ақша алу үшін сізді қорқытуға және бағдарсыздандыруға тырысады, яғни "қазір жасатпасаңыз, болашақта сізге зиянын тигізеді, болмайды" деп айтады;
- Фишинг - жеке деректерді ұрлауға мүмкіндік беретін гаджеттерге қол жеткізеді. Бұл қосымша, сілтемесі бар хаттар, хабарламалар, сайттарға немесе қосымшаларға өтуді сұрайтын мессенджерлердегі конкурстар және т. б. болуы мүмкін.
Автосақтандырудың жалған екені анықталса, көлік иесі қандай жауапкершілікке тартылады?
"Сақтандыру полисінсіз көлік жүргізу 17 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, жол полициясының шешімі бойынша көлік айыппұл тұрағына апарылуы мүмкін", - дейді маман.
Сөйлесіп отырған маманның алаяқ екенін қалай анықтауға болады?
Freedom Insurance АҚ басқарма төрағасы банк қызметкері ешқашан өзі қоңырау шалып, сізден онлайн төлем жасауды талап етпейтініне назар аударды.
"Қаржылай мәселелер ешқашан банк қызметкерінің қоңырауы арқылы шешілмейтінін есте ұстаған дұрыс. Егер банк қызметкері сіздің шотыңыздағы күдікті операцияны байқаса, сізге қоңырау шалмай, бірден бұғаттайды. Осыдан кейін банк сіздің шотыңыздағы немесе картаңыздағы операциялар бұғатталғаны туралы хабарлама жібереді. Мәселені шешу үшін қаржы компаниясының филиалына хабарласу қажет. Сіз ақпаратты қайта сұрай аласыз, нақтылай аласыз, оны қайталауды сұрай аласыз немесе әңгімені аяқтап, сақтандыру компаниясына/банкіне дереу қоңырау шалып, болған жағдай туралы хабарлай аласыз", - деп түсіндірді ол.
Өзімді алаяқтан қалай қорғай аламын?
Маманның сөзінше, ең маңыздысы - банк картасына және жеке басына қатысты құжаттардың деректерін бөтен адамға бермеу.
- Банк картасына қатысты деректерді, сондай-ақ куәлік, паспорт деректерін, оның ішінде құжаттардың фотосуреттерін үшінші тұлғаларға бермеңіз;
- Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде, тіпті таныстарыңыз бен жақындарыңыздан келген күмәнді сілтемелерді ашпаңыз;
- Егер хабарлама біртүрлі болып көрінсе, хат алмасып отырған тұлғадан екеуіңізге ғана белгілі жеке ақпаратты сұраңыз. Өйткені оның да тіркеулік жазбасын алаяқтар бұзып, иемденіп алуы мүмкін;
- Сенімсіз сайттарға банктік картаңыздың мәліметтерін енгізбеңіз, себебі бұл сіздің банктік картаңыздан төлеу үшін пайдаланушылардың жеке ақпаратын жинайтын фишингтік сайттар болуы мүмкін;
- Күмәнді жобаларға инвестиция салмаңыз. Криптовалюта, акциялар, қаржы пирамидалары және т.б. арқылы компанияның құжаттарын, компанияның нақты клиенттерінің пікірлерін зерттеңіз;
- Егер сізге банктің қауіпсіздік қызметі қоңырау шалса, қаржы компанияларының қызметкерлері ешқашан сіздің картаңыздың деректерін және кіру кодын атауды сұрамайтынын есте ұстаңыз.
Тағы да оқи отырыңыздар: Биыл қанша оқушы «Алтын белгіге» үміткер?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә