- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қалай да аламын"....
"Қалай да аламын". Төреғали Төреәлі тоқалға қатысты әңгімеге нүкте қойды
Әнші Төреғали Төреәлі Толқынның әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берді. Өнер иесі тоқал алуға қатысты әңгімеге де нүкте қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол тағдырына жазылған кез келген іске мойынсұнатынын айтты.
"Осы тақырыпты қозғайын деп сұхбатқа барған жоқпын. Сұрақ сол тараптан келді. Сол үшін өтірік айта алмадым. Құранда айтылғандай, ер адамның табиғатына сай жауап бердім. Егер тағдырыма әйел алу жазылса, оны алмай қоймаймын. Тағдырыма жазылмаса, он жерден алам десем де, ала алмас едім. Бұл әлем жаратылмай тұрғанда тағдырлар жазылып қойған", - деп жауап берді әнші.
Еске салайық, бұған дейін "Екінші әйел аламын". Төреғали Төреәлі көпшіліктің көкейіндегі сұраққа жауап бергені жарияланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы