"Қалауымды ысырып қоятын кездер де болған". Ләйлә Сұлтанқызы 21 жастағы кезін еске алды

Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде 21 жасындағы суреттерін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, журналист 21 жасында радиода жұмыс істеген.

"21жас
Бұл тренд қазір фейсбукте хит.

Радиода істейтін 21 жасар Ләйләдан сәлем.

Өмір деген қамшының сабынан да қысқа, көзді ашып жұмғанша ғана екен ғой.
Бұл кезде қалауымның ішінде приоритетте баспаналы болу тұрып еді.
Талпынып, тапқанымды жинап жүріп, арасында қалауымды ысырып қоятын кездер де болған. Әйтеуір мақсатыма жеттім.

Стористе де біраз адам жетістігімен бөлісіп жатыр. Жаза кетіңізші, 21 жасыңында сіз нені армандадыңыз? Не істеп жүрдіңіз?", - деп жазған тележүргізуші.

Айта кетейік, бұған дейін "Біздің менталитетімізге жат дүние ғой" - Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің туған күніне "тоқал сыйлайтындар" қатысты білдірген пікірі хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ хандығы құрылғаннан кейін мемлекет билеушілерінің алдында қандай міндеттер тұрды?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!