Желіде миллион қойы бар 4 жасар бала көпті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүлдіршіннің есімі - Рамазан, ол 2 жасынан бастап қой бағады.
"Есімім Рамазан, әкемнің аты Өркен. Қой бағып жұрмін. 4 жастамын. Миллион қойым бар. Үйде ет, құрт, айран, қымыз бар. Қойым кетіп қалды, апарып тасташы мені. Миллион ат, миллион сиыр бар. Миллион тамақ бар. Ата-анам қалада, ертең келеді. Сен маған миллион, миллион ақша берсең, мен саған бір қой беремін", - дейді бүлдіршін.
Желі қолданушылары бүлдіршінге тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.
"Миллионмен ғана сөйлесетін бала екен. Өскенде миллионер болсын! Өзі тәп-тәтті екен, аман болсын!", "Қаланың төрт жасар баласы қой бақпақ түгілі, қоқыс шығаруға да шамасы келмейді ғой", "Бұл төрт жасар баланың тірлігі қазіргі қаланың 20 жастағы жігіттің тірлігі жасап жүргені", "Баланы өзге адамға ерме деп үйрету керек", "Жәнімм сол. Тіліңнен сенің. Қойым кетіп қалды, жеткізіп таста, дей ме? Миллионер бол, ботақан. Тфәй!Тфәй!", "Жаным-ау, қой кетіп қалды апарып таста" дейді", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Адам қанша градус ыстыққа шыдай алады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!