Әлеуметтік желіде Атырау әкімдігінің қызметкерінің жұмыс уақытында автосалонда жүрген видеосы тарады. Оны көрген желі қолданушылары халық су тасқынымен күресіп жатқанда неге шенеуніктер көлік қарап жүр деп сынға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнежазбаға қатысты әкімдік қызметкері жауап берді. Оның айтуынша, қызметкер салонға жұмыс бабымен барған.
"Бейнежазбада Атырау әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы қосалқы бөлшектердің бағасын ресми дилерден біліп, әкімшіліктің балансында тұрған автомобильдерді жөндеу үшін тапсырыс беруге барды", - деп жауап берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!