- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қалаға кеткен: Атырауда...
Қалаға кеткен: Атырауда 33 жастағы ер адам бір аптадан бері іздестіріліп жатыр
Атырауда 8 тамыздан бастап 33 жастағы Азамат Табынбаев іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Жоғалған ер адамның туысы Жанаргүл Төремұраттың айтуынша, қалада тұрып жұмыс істейтін ағасы Азамат 8 тамызда Мұқыр ауылынан Атырауға кеткен. Соңғы рет олар сол күні кешке телефонмен сөйлескен. Ер адам ауылдағы жігіттермен арадағы жағымсыз жағдай туралы және олар оны ұрғанын айтқан. Сондай-ақ, ол Атырау вокзалында екенін, такси алып, Нұрсая шағынауданындағы үйіне баруды жоспарлап отырғанын жеткізген. Біраз уақыттан кейін әпкесі оған қайта қоңырау шалған, қоңырау барып тұрған, содан кейін телефоны өшірілген. Келесі күні, 9 тамызда қатты уайымдаған туыстары оның жоғалып кеткені туралы арыз берді.
"11 тамызда күйеуім полицияда болды, оған ағамның ұялы телефоны Қызылқоға ауданы аумағында екенін айтқан. Достарымыз бен туыстарымыздан сұрадық, оны ешкім көрмеген. Әлеуметтік желілерде көмек сұрап хабарламалар жарияланды, бірақ әлі де жаңалық жоқ. Учаскелік полиция қызметкері ағам 8 тамызда Атырауға бармағанын айтты. Мұндай болуы мүмкін бе? Ол маған Атыраудан қоңырау шалды!" - дейді Жанаргүл.
Полиция департаменті баспасөз хатшысы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Арызданушы түсінбеген болуы мүмкін, қызметкерлер ұялы телефон соңғы қосылған жер туралы айтты. Хабар-ошарсыз кеткен Азамат Табынбаевтың нөмірінің орналасқан жері туралы ақпаратты тексеру барысында сағат 18:26-да "Ембімұнайгаз" нысаны аумағы көрсетілді, бұдан әрі ақпарат жоқ", - деді ол.
Іздеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова