- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қаладағы жағдай тұрақты"....
"Қаладағы жағдай тұрақты". Ерболат Досаев Алматыдағы жер сілкінісі туралы
2024 жылы 4 наурызда Алматыда жер сілкінді. Бүгін Үкімет отырысында Алматы қаласындағы жер сілкінісіне қатысты жағдай қаралды. Қала әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі бойынша құрылған жедел штаб жұмысының қорытындысын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылғы 4 наурызда сағат 11:22-де Алматыда жер сілкінісі тіркелді. 11:30-да менің басшылығыммен Алматыдағы төтенше жағдайды жою жөніндегі шедел штаб жұмысын бастады. Барлық инфрақұрылым және тіршілік қамтамасыз ету объектілері кеше де, бүгін де штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жедел штабтың шешімі бойынша 11:40-тан бастап, қалада бекітілген 384 қабылдау пункті орналастырылды. Сағат 15:00-ге дейін қабылдау пунктіне 1962 адам, оның ішінде 714 бала келген еді. 16:00-де жедел штаб хабарламасынан кейін тұрғындар үйлеріне орала бастады. 23:00-дегі жағдай бойынша, қабылдау пунктінже 242 тұрғын, оның ішінде 93 бала түнеп қалды. Ал бүгін таңғы 8-де тұрғындар қабылдау пунктінен шықты.
Мектептер, балабақшалар және жоғарғы оқу орындары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Азаматтарды жинау пунктілерін жұмысын қамтамасыз етуге аудан әкімдіктері мен құтқару қызметі жұмылдырылды. Келген қала тұрғындары керек-жарақтар мен сусындар және тамақпен қамтамасыз етілді. Барлық қабылдау пункте подиция және төтенше жағдай қызметкерлерінен кезекші ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, 4 наурызда сағат 11:24-те метрополитен станцияларда барлық электрожылжымалы құрам тоқтатылды. Мамандар тонелдерді тексеру бойынша жұмыстарды жүргізді. Оның барысында метро аумағында зақым келмеді. 16:30-да Алматы метрополитен жұмысын штаттық режимде бастады.
4 наурызда сағат 12:30-дан бастап зардап шеккее бір адам ауруханаға жеткізілді. Оған барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Бұған дейін ТЖД және Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми институты қала құрылысын бақылау мамандары уәкілетті органдар құрамында бұрын құрылған комиссия сағат 13:00-ден бастап, барлық қоғамдық ғимаратты, сондай-ақ, тұрғындар өтініші бойынша басқа да объектілерді тексерді. Комиссия жұмысы бойынша тиәсті шаралар қабылданады.
Бүгін, 5 наурызда Алматыдағы жағдай тұрақты, жедел штаб жұмысын істеп жатыр. Барлық қызмет жұмылдырылып, күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды", - деді ол.
Қала әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының 25 қаңтардағы мобильді құрылғылар арқылы халықты жаппай құлақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Алматы әкімдігі пилоттық режимде биыл мамырдың аяғына дейін жаңа жүйе енгізу жоспарланып жатыр. Бұл жүйенің SMS-тен айырмашылығы бар.
Еске салайық, Алматыда 5 балл жер сілкінісі болғаны айтылды. Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Алматы әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі бойынша жедел штаб жиналысын өткізіп жатыр. Ал Алматыда тағы да жер сілкінісінің афтершогы қайталану қаупі бар. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, жер сілкінісіне байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек