- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қалада қайыр сұраған"....
"Қалада қайыр сұраған". Қосшыда ішімдікке тойып алған тұрғын қызын танысының үйінде ұмытып кеткен
Ақмола облысында ішімдікке тойып алған тұрғын қызын танысының үйінде ұмытып кеткен. Бес жастағы бүлдіршін әкесінің танысымен Астанада қайыр сұраған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бес жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз 19 қыркүйек сағат 16:55-те Қосшы қаласының полиция бөліміне түсті.
Анасының айтуынша, бүлдіршін бір сағат бұрын жоғалып кеткен. Алайда ата-анасы таба алмағасын, полицейлерден көмек сұраған. Дереу дабыл бойынша полиция бөлімінің жеке құрамы көтерілді, баланың жоғалып кетуі туралы ақпарат жергілікті чаттар арқылы таратылып, іздеуге еріктілер мен қала тұрғындары қосылды.
Полицейлер іздеу іс-шараларын тек Қосшы аумағында ғана емес, Астанада да жүргізді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің анықтауы бойынша, оқиға болған күні әкесі қызымен бірге досына барып, алкогольді бірге ішкеннен кейін үйге жалғыз оралған, ал баланы бөтен адамның үйінде ұмытып кеткен. Ал ол ер адам да мас күйінде қызды алып, онымен бірге Астанаға барып, қайыр сұраумен айналысқан.
Іздеу іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері бейнекамерадан ер адамның жоғалған қызбен бірге жүрген маршруттарын бақылаған, олар автобуспен Астанаға барып, оралған.
Бес сағаттан кейін ғана қыз Қосшыдан табылды. Қызға қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмаған.
Іс жүргізу кезінде полицейлер ер адамның белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам екенін анықтады және оның айтуынша, баланы ата-анасына қайтармақ ойы болған.
Қазіргі уақытта әке-шешесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 1-бөлігі ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Ер адамға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды, ол бейімделу орталығына орналастырылды. Іздеу шаралары аяқталғаннан кейін полицейлер еріктілерге көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан