Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында ашық тонау жасады деген күдікпен 31 жастағы адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдікті көшеде кездескен қала тұрғынынан қоңырау шалып алу үшін телефонын сұрап, кейін жәбірленушінің телефонын алып, оқиға орнынан ізін жасырған. 42 жастағы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 114 мың теңгені құрады.
Күдікті ұрланған телефонды қаладағы ломбардтардың біріне өткізгені туралы мойындап, кейін айғақ зат сол жерден тәркіленіп алынды. Тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері күдіктінің өз танысының құны 160 мың теңге тұратын тоңазытқышын ұрлау фактісіне қатысы барын анықтады.
Барлық дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!