Щучье әкімі халық алдында есеп беріп болғаннан кейін айтқан бейәдеп сөзі үшін қатаң сөгіс алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова айтты.
"Нұрмағамбетовтың этикаға жат әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды. Әрине, қызметтік тексеріс жүргізіліп, аталған ақпараттың шындыққа жанасатыны анықталды. Оның үстіне ол қателігін мойындады. Оған тәртіптік жаза яғни, қатаң сөгіс жарияланды", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Щучье әкімі аудан әкімдігінің Instagram парақшасынан тікелей эфирге шыққан. Ол жарты жылда атқарылған жұмыстары туралы баяндаған.
Осы сөзден кейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде "Нұрмағамбетов эфир бітті деп ойлап, "Сұрақтарын к**іне тығып қойсын" деп айтты" деген ақпарат тарады.
Олжас Нұрмағамбетовтің өзі қала тұрғындары туралы жаман сөз айтпағанын айтты.
Бірнеше күннен кейін әкім Instagram-дағы парақшасында тікелей эфирдің толық видеосын жариялады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз