- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қала шетіндегі көшелерді...
"Қала шетіндегі көшелерді жасамай ма?" Талдықорған әкімінің мейрамхананың ашылуына қатысуы жұрттың ашуына тиді
Талдықорған әкімдігі әлеуметтік желіде мейрамхананы жарнамалауы жұрттың ашуына тиді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдіктің Instagram-парақшасында жаңадан ашылған мейрамхана туралы ақпарат пайда болған.
"Тағмадардың түр-түрін ұсынатын мейрамхана түріндегі асханалар желісінің ашылу салтанатына қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы қатысып, лентасын қиып, құттықтады", - делінген жазбада.
Бұл жайтқа қатысты Желі қолданушылары түрлі пікір жазған.
"Қашаннан бері мейрамхана ашылуы әкімшілік парақшасында жарияланатын болған? Ол қала тұрғындарына қандай пайдасы бар? Әр квартал сайын мейрамхана толып тұр. Кімнің мейрамханасы? Әкімдікі ма?"
"Әкім сол аудандағы үйлерді көрді ма? Қазір ол үйлердің сырты қандай?"
"Әкімшіліктің қатысы не мейрамханаға?"
"Мейрамханаға сүрініп өлетін шығармыз қасқа. Зауыт, тым болмаса цех ашайық та, ептей алмайтын бейшара ел болдық қой түге"
"Одан да қаланың шетіндегі көшелерді жасамай ма?"
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина