Қала күнінде “Көктөбедегі” шоуды сағат қаншада көруге болады?

Қала күнінде “Көктөбедегі” шоуды сағат қаншада көруге болады?
Фото: Алматы әкімдігінен

Алматы қаласы күніне "Көктөбе" телемұнарасы мерекелік жарықтандыруға қосылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мегаполис тұрғындары дәстүр бойынша қыркүйектің үшінші жексенбісінде, ал биылғы жылы 15 қыркүйекке сәйкес келетін Қала күнін атап өтеді. Алматылықтар мен қала қонақтары "Алматы – ортақ үйіміз" акциясы аясында қала аудандарында өтетін түрлі мерекелік іс-шараларды тамашалаумен қатар, кешкі уақытта қаланың басты нысандарын мерекелік жарықтандыруды көре алады. Бұл жарқын көрініс барлық тұрғын мен туристер үшін мерекелік құттықтаулардың нүктесі іспетті.

Фото: Алматы әкімдігінен

Телемұнараның салтанатты сәулеттік жарықтандырылуы 30 тамызда іске қосылған болатын және келесі кесте бойынша жұмыс істейді: күн сайын сағат 20.00-ден 5.00-ге дейін мұнара фондық режимде прожекторлармен жарықтандырылады.

Мереке күндері сағат 21.00-ден 2.00-ге дейін мультимедиялық мерекелік видеоролик қосылады. Сағат 02.00-ден 5.00-ге дейін құрылым прожектормен жарықтандырылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина