Петропавл әкімі Руслан Аңбаев қала тұрғындарынан 471 миллион теңгені қайтаруын сұрады. Әкімнің айтуынша, қаражат көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғыртуға жоспарланған, - деп хабарлайды Петропавловск.news.
15 тамызда Руслан Аңбаев қала орталығы пәтер иелерінің кооперативі мен меншік иелерінің бірлестігі төрағаларымен кездесті. Қала орталығында 445 көпқабатты үй орналасқан. Бұл көпқабатты үйлердің 313-інде басқару нысандары жұмыс істейді.
Ал 132 үйде меншік иелерінің бірлестігі де, қарапайым серіктестік те жоқ. Қала әкімінің айтуынша, бүгінгі күннің басты мәселесі - көпқабатты тұрғын үйлерді жаңарту.
"Былтыр көпқабатты үйлерді жаңғыртуға республикалық бюджеттен 980 миллион теңге бөлінді. Петропавлдың орталық бөлігіндегі 11 тұрғын үй жөндеу жұмысынан өтті. Бұған республикалық қазынадан 629 миллион теңге бөлінді. Қазір бұл қаржыны қайтару мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Руслан Аңбаев.
Қала тұрғындарының қарызы - 471 миллион теңге.
471 миллион теңгеге 80 жаңа ойын алаңын орнатуға немесе 15 аула жолына асфальт төсеуге болады.
"Қаламыздағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру үшін қаржыны бюджетке қайтаруыңызды сұраймыз", - деді әкім.