- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қақпада тербеліп тұрды"....
"Қақпада тербеліп тұрды". Куәгерлер Астанада қаза тапқан 10 жастағы бала туралы тың дерек айтты
Астанада оқушыны футбол қақпасы басып қалған еді. Куәгерлер оқиғаның анық-қанығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға №10 мектептің футбол алаңында болды. Балалар футбол ойнап жүрген. Куәгерлер марқұмның қақпашы болғанын айтады. Бір кезде оның үстіне темір қақпа құлап кеткен.
"Ол қақпада тербеліп тұрды, кейін ол құлап, сол қақпа оған құлады. Содан кейін біреу жедел жәрдем мен полиция шақырды. Оны матамен жауып, аймақты қоршап алды. Мұнда көп адам жиналды. Қорқамын, өйткені қақпалар тым ескі, құлап кетуі мүмкін", - дейді куәгер Никита Морозов.
Білім басқармасы өкілі футбол алаңы 2019 жылы жаңартылғанын айтты. Содан бері ол жөнделмеген. Мамандардың айтуынша, жазғы уақытта мектеп аумағында ойнауға тыйым салынады. Ал Оқу-ағарту министрлігі басшысы мектептердегі барлық спорт алаңы тексерілетінін айтты.
Қазір оқиға орнына кіруге болмайды. Мектеп басшылығы өкілдері пікір білдіруден бас тартқан.
Еске салайық, бұған дейін Астанада футбол қақпасы 10 жастағы баланың үстіне құлап, мерт қылғаны хабарланған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова