Бірнеше күн бұрын ақпарат құралдарында Меккеге қажылыққа барған адамдардың аптап ыстықтан қайтыс болғаны туралы хабарланған еді. Бүгінде қайтыс болғандардың саны мыңнан асты. Кейбір қажылық күндері қасиетті мекендегі ауа температура 50 градустан жоғары болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ulysmedia.kz" сілтеме жасап.
Алдымен Меккеге қажылыққа бара жатқан 14 адам қайтыс болғаны хабарланды. Иорданияның Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, Сауд Арабиясындағы мұсылмандық қажылық кезінде он төрт иорданиялық қаза тауып және 17 адам жоғалып кеткен.
Кейінірек ыстықтан қаза болғандар саны 550-ден асты деген ақпарат тарады. Осыған байланысты, ҚМДБ өкілдері қазақстандық қажыларға қатысты мәлімдеме жасады. Басқарма Қазақстан қажыларының дін аман екенін хабарлады. Миссиядағы дәрігерлер тобының жетекшісі Ардақ Айтбайұлының айтуынша, медициналық орталық көмегіне 14-16 маусым күндері 703 қажы жүгінген. Олардың қатарында жүрек, қантамырлары, жоғары және төмен тыныс және асқазан-ішек аурулары, сондай-ақ басқа да (мазоль жарақаты, аллергия, конъюнктивит, т.б.) сырқат бойынша 120 қажы екі немесе бірнеше рет тексерілген.
БАҚ мәліметінше, қайтыс болғандардың жартысынан көбі тіркелмеген қажылар. Қажылық 14 маусымда басталып, бес күн бойы өтті. Оған 1,8 миллион қажы қатысқан. Мұсылмандық парызымды өтеймін деп барғандардың жаппай қырылуы жыл сайын дерлік қайталанады. Адамдардың өліміне ыстық ауа райы ғана емес, тобыр арасында қысылу да себеп болады.
Адамдардың өліміне ыстық ауа райы ғана емес, тобыр арасында қысылу да себеп болады. Мысалы:
Негізі қайтыс болған адамның денесін не істеу керегін марқұмның туыстары шешеді. Дегенмен кісінің жақындары көбінесе оны Меккеде жерлеуді шешеді. Өйткені қажылық кезінде қаза тапқан адамның денесін елге қайтаруға біршама уақыт кетеді (1 айдан астам), ал мұсылмандық әдет-ғұрып бойынша, қайтыс болған адам мейлінше тезірек жерленуі тиіс.
ҚМДБ "Шариғат және пәтуа" бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлының айтуынша, қоғамда "Меккеде қайтыс болған адамның жаны жәннатта болады" деген пікірдің қалыптасуына маңызды негіз бар.
"Меккеде қайтыс болған адамның жаны жәннатта болады деген хадис бар. Бірақ бұл "жаным жәннатта болсын" деп өзін-өзі өлтіру керек деген сөз емес. Кісі Алланың қалауымен, ажалы келіп қажылық кезінде қайтыс болса, жаны жәннатта болады", - деп түсіндірді ол Massaget.kz тілшісіне.
Тағы да оқи отырыңыздар: Университеттерге құжат қабылдау қашан басталады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз