"Қажет кезде тірегім болды". АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы қайтыс болды

"Қажет кезде тірегім болды". АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы қайтыс болды
Фото: WHITE HOUSE WIKIPEDIA.ORG

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы, АҚШ-тың 39-шы президенті Джимми Картердің әйелі Розалин Картер 97 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Картер Орталық үкіметтік емес ұйымының сайтында хабарланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Психикалық денсаулық пен әйелдердің құқығын қорғаушы бұрынғы бірінші ханым Розалинн Картер жексенбіде 19 қарашада сағат 14:10-да Джорджия штатының Плэйнс қаласындағы үйінде 96 жасында қайтыс болды. Ол отбасының қасында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Розалинн Картер Джимми Картермен отау құрғанына 77 жыл болған, олар 1946 жылы үйленді.

"Розалин барлық жағдайда менің тең құқылы серіктесім болды. Ол маған қажет кезде тірегім болды және ақылды кеңесшім болды. Розалин жанымда болған кезде мен әрқашан біреудің мені жақсы көретінін және қолдайтынын білетінмін", - деді күйеуі.

Джимми Картер 1977 жылдан 1981 жылға дейін АҚШ президенті қызметін атқарды. 2022 жылы ол Нобель бейбітшілік сыйлығын жеңіп алды.

Тағы да оқи отырыңыздар: 9-13 ғасырлардағы ғылым және әдебиет

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек