Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр аулының 67 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Қызылқоға аудандық көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері Мұқыр ауылының 67 жастағы тұрғыны осы жылдар бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген, оның тіпті кеңес заманындағы төлқұжаты да болмағанын анықтаған.
Әйел ешқайда шықпай, ауылдың шеткі жағында ұзақ жылдар бойы мал бағумен айналысады. Ол полицияға құжат аса қажет болмағанын, сондай-ақ зейнетақы алуға өтініш білдірмегенін айтты.
Полицейлер заңға сәйкес құжаттардың тиісті тізбесін жинап, рәсімдеп, әйелге Қазақстан азаматының жеке куәлігін беріп, табыстады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!