- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қажет аялдаманы өткізіп...
"Қажет аялдаманы өткізіп алды". Петропавлда жолаушы автобус жүргізушісін қылғындырып өлтіре жаздаған
Петропавлда жолаушы автобус жүргізушісін қылғындырып өлтіре жаздады. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода ер адам аялдамаға жетпей қалып, жүргізушіге шабуыл жасаған.
Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-арнасының мәліметінше, 8 сәуірде сағат 19:30 шамасында Петропавлда 5 "М" бағытындағы автобуста жолаушы қажет аялдаманы өткізіп алып, жол ақысын төлеместен автобустың ортасындағы есіктен шықпақ болған.
Автобус Қизатов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрғанда ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалдасқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция қызметкерлері осы дерек бойынша облыс орталығының 67 жастағы тұрғынын ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек