Жизақта жергілікті кафелердің бірінде 50-ден аса адам тамақтан уланып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Облыстық прокуратура мәліметінше, 25-26 маусымда жергілікті жұқпалы аурулар ауруханасына жүгінген 57 азамат диареяға және дене температурасы көтерілуіне шағымданған. Зертханалық қорытындыға сәйкес, оларға тамақтан улану диагнозы қойылды, барлығы ауруханаға жатқызылған.
Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін 11 адам ауруханадан шығарылды, қалған 46 адамның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.
Тексеріс барысында зардап шеккендердің Жизақ кафелерінің біріне барғаны анықталды. Тамақ ішкеннен кейін олардың жүрегі айнып, іші ауырып, қызуы көтерілген.
Осы дерек бойынша сараптама тағайындалды. Прокуратура қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, тиісті азық-түлік сынамаларын алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!