Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өңірді басқару лауазымының уақыты аяқталғанын мәлімдеді және ол мемлекет басшылығындағы бұл қызметке басқа адамды табу қажет екенін айтты, - деп хабарлайдыntv.ru.
"Шынымды айтатын болсам, мен әрекет еттім және бүгінге дейін ол менің қолымнан келді. Менің атымды менің халқыма қарсы пайдаланбау үшін, менің ойымша, мемлекет басшылығына басқа адамды табу керек. Мен айтып тұрмын – менің уақытым аяқталды. Біздің топта ізімізді басқан өте көп, өте жақсы мамандар бар", - деп мәлімдеді Қадыров "НТВ" телеарнасына берген сұхбатында. Оның айтуынша, әр адамның шегі болады. "Бұл шың. Бұл Қадыров үшін шың", - деді Шешенстан басшысы.
Сонымен қатар, Қадыров өзін алдағы уақытта федералдық министр немесе депутат ретінде көре алмайтынын айтты. "Ол менің қолым емес, министр, депутат болу дегенді түсінбеймін, ол менікі емес", - деді Қадыров.
Айта кетейік, парламент Шешенстан басшысы қызметіне 2007 жылы 2 наурызда Қадыровты бекітті. Алайда 2007 жылдың соңында бүкілхалықтық референдумда республиканың конституциясына ел басшысы мен парламенті өкілеттігінің мерзімін төрт жылдан бес жылға ауыстыру жөнінде өзгеріс енгізілді. Қадыровтың кандидатурасы 2011 жылы 5 наурызда қайта бекітілген болатын, демек биыл наурызда республика басшысы өкілеттігінің мерзімі аяқталады.