Абай Құнанбайұлы мен Қадыр Мырза Әлінің өлеңін шатастырып алған танымал әнші Ерке Есмахан сынға қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілінде сөйлейтінін және туған тілі өзі үшін үнемі сәнде екенін жеткізіп, жазба жариялады. Сөзін қорытындылай келе Ерке Есмахан: "Абай атамыз айтқандай, "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деп, Қадыр Мырза Әлі жазған өлеңнің авторын шатастырып алыпты.
Кейін қателігін түсінген әнші бұл әрекетін әзілмен түзетіп өтті.
"Қадыр Мырза Әлі атам ұрысып жатыр маған. Абай емес, мен оны жазған деп. Кешіріңіздер. "Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте" Қадыр Мырза Әлі", – деп жазды ол.
Еске салайық, жақында әншінің Голливудтағы оқиғаға қатысты пікірін де сынағандар көп болып еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!