"Қадіріңді кетірмей-ақ қой!" Жігер Ауыпбаевтан кеткен қойшы бала жаңа продюсер тапқан

Қойшы бала деген атпен танымал жас әнші Айдос Каден өнердегі жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айдос Каденнің продюсері ауысқан.

"Қойшы бала Айдос қазір 11-сынып оқиды. Айдостың қазір продюсері ауысқан. Қанағат аға", - делінеді желіде тараған видео.

@aakbobek

♬ оригинальный звук - Akbobek🌸

Айдостың Жігер Ауыпбаевтан бөлінгеніне үш айдай уақыт өткен.

"Туысқан інім. Туысқан інім болғаннан кейін, жұмыстары біткеннен кенйін өзім қолыма алып, бірге жұмыс істейміз", - дейді видеода ер адам.

Айта кетейік, бұған дейін Жігер Ауыпбаев қойшы балаға ренішін білдірген болатын. 

Әлеуметтік желіде тарап кеткен Айдостың видеосынан кейін әнші жауап беруді ұйғарған. Видеода қойшы бала "Жігер аға мені танылғаннан кейін алып кетті. Ауылда жүріп, танылмай, қой бағып жүрген кезімде алып кетсе, дұрыс еді. Танылып болғаннан кейін ол кісі мені Instagram-нан көріп, іздеп тапты", - дейді.

"3 жыл үйімде тұрып, асымды ішіп келіп тиктоктың тікелей эфирінде көпшілікке айтып отырған әңгімеңді естіп, көріп мен ұялып отырмын. Мен сен жайлы айтар болсам өнер жолындағы болашағыңды былғап аламын ба деп қорқамын. Ақылың бар ғой, балақай. Артық әңгімені қоя ғой. Бұл ескерту деп қабылдай ғой. Мен сені інім, шәкіртім ретінде жақсы көремін. Сол қадіріңді кетірмей-ақ қой!" - деп жазды әнші бұған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!