- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қадірін түсіндім". Ақботанұр...
"Қадірін түсіндім". Ақботанұр Абайқызы өміріндегі ауыр сынақ туралы айтты
Танымал актриса, әнші Ақботанұр Абайқызы өміріндегі ауыр сынақ туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. Әнші Stories-інде оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.
"Өмірдің әр күні кішігірім сынақ, сабақ қой… Үлкен сабақ мен үшін Анамнан айырылған жылдарда, балалығымды Анамсыз өткізгенде, қадірін түсінгенде болды. Қалған дүние - мен үшін жай ғана сәтсіздіктер. Елемеймін де! Сізге айтар болсам, адам жоғалтудан басқа бәрінің орнын толтыруға болады, түзеуге болады. Тек қана бас аман болсын, соның өзі үлкен олжа білген адамға", - дейді өнер иесі.
Айта кетейік, Ақботанұр Сейтмағанбет - әнші, актриса, "КешYou" тобының экс-солисі. Оның "Қайда, қайда", "Өзіңмен бірге", "Аяла", "Жүрекпен сағынайық" әндері бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек