- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кадет корпусында жастардың...
Кадет корпусында жастардың патриоттық жиыны өтті
ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында Парламент депутаттары, ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдері, әскери-патриоттық клубтардың басшылары мен оқушыларын, Ш. Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусын кадеттерінің қатысуымен Қазақстандағы әскери-патриоттық қозғалысты әрі қарай дамыту мәселелері жөнінде қоғамдық тыңдалымдар өтті.
Щучье қаласында 2016 жылғы қазанның 25-і мен 30-ы аралығында «Жігер» әскери-патриоттық жиыны өтті. Оған әскери-патриоттық клубтардың, үйірмелердің басшылары мен мүшелері, Астана қаласы мен Ақмол облысы жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Оның шеңберінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша әдістемелік және практикалық семинарлар циклі, команда құру бойынша арнайы кешенді тренингтер, туристік керек-жарақ қолданыла отырып, әскери-спорттық эстафеталар, жарыстар өткізілді.
Лагерь қатысушылары әлеуметтік жобаларды тиімді әзірлеудің жаңа дағдысын және палаткалы лагерьлерді, экспедицияларды, әскери-патриоттық клубтардың мүшелеріне арналған жиындарды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде қосымша тәжірибе жинақтады.
«Біз әртүрлі, оның ішінде, ең қолайсыз әзірлемелерді дамытуға дайын болуға тиіпсіз. Ол үшін әскери саланы қайта құруды жалғастырып қана қоймай, өскелең ұрпақтың, балаларымыз бен немерелеріміздің рухтық және патриоттық тәлім-тәрбие алуына жіті назар аударуымыз қажет. Қазақстандық патриотизмсіз реформалар, қаржыландырудың ұлғаюы, жауынгерлік даярлық пен оқу-жаттығулардың пайдасы болмайтыны хақ», - деп ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева атап өтті.
Дариға Назарбаеваның ұсынысы бойынша «Жігер» әскери-патриоттық жиыны еліміздің әр өңірінде жылына екі мәрте өтетін болады. Әскери-патриоттық клубтар заманауи қазақстандық қоғамды маңызды дрөлге ие екенін айта кеткен жөн.
T. Кіршібаев