Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде сырқатының сырын айтып, тәубеге келгенін мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сырқаттануды, Алланың пендесіне тазару үшін жіберетін қызметкері екенін білсем де, қабылдамаппын. Есесіне, әр күнімдегі толассыз шаруаларыма, мүлтіксіз қызметін жасап тұрған ағзамның саулығы үлкен нығмет екеніне тағы да көзім жетті", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, жақында Төреғали Төреәлі соңғы уақытта неге жұмысқа құлшынысы азайып жүргенін айтып, оқшауланғысы келгені туралы да хабарлаған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз