- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Төтенше жағдай
Кабель желісін ұрлап кеткен: астаналықтар жарықсыз отыр
Бүгін, 13 желтоқсанда Астананың сол жағалаудағы бірнеше тұрғын үй кешенінде жарық сөніп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде жарықтың өшуіне қатысты шағымдар пайда болды.
"Астана-АЭК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 желтоқсан күні "Шұбар" қосалқы станциясында 10 кВ ұяшықтар өшірілді. Шектеуде үш тарату пункті бар.
"Оған кабельдік желіні ұрлау себеп болған. 4 жедел-көшпелі бригада оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ауыстырулар жүргізіліп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз", - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Төтенше жағдай Есіл ауданында болды, атап айтқанда, "Арайлым", "Премиум", "Новый мир", "Нұрсая", "Парковый" тұрғын үй кешендері және Қонаев көшесі, 7 және 31 мекенжайындағы екі әкімшілік ғимаратта жарық өшіп қалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан