Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау жатақхана тапшылығы мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутат Ұлттық статистика бюросының дерегін келтірді: 2025-2026 оқу жылының басында Қазақстанда 678 мың студент білім алған. Олардың 364 мыңы - аймақтардан келген студенттер. 115 мың студент ресми түрде жатақханаға мұқтаж, ал олардың 95 мыңы ғана жатақханамен қамтамасыз етілген.
"Бұл кемінде 20 мың студенттің баспанаға мұқтаждығын білдіреді. Демек, студенттердің жатақханалармен ресми қамтамасыз етілу деңгейі - шамамен 80 пайыз. Бұл көрсеткіш жаман емес. Алайда Жоғары аудиторлық палатаның есебіне сәйкес жатақханалардағы орын тапшылығы 33 мың орынға жетеді. ...Мәселені түбегейлі шешу үшін Үкімет деңгейінде оңтайлы үйлестіру, тұрақты бақылау және бірнеше мемлекеттік органның күшін біріктіретін жүйелі тәсіл қажет", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!