- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жыныстық қатынастан кейін...
Жыныстық қатынастан кейін дос болып қалу мүмкін бе?
Жыныстық қатынастан кейін достықты сақтап қалу мүмкін бе? Бұл философиялық сұрақ және оған нақты жауап жоқ. Біреу жыныстық серіктесін дос ретінде қабылдай алмайды, біреу үшін төсектен басталған қарым-қатынасты достыққа ауыстыру қалыпты жағдай. Tengri Lifestyle тілшісі психолог Жанна Петровамен жыныстық қатынастан кейін еркек пен әйел арасындағы достық қалай өрбейтіні туралы сұхбаттасты.
Маманның айтуынша, жыныстық қатынастың нәтижесі әр адамның қабылдауына байланысты. Екеуі жыныстық қатынасты бірдей қабылдаса жақсы, бір серіктес оған тым көп мән беріп, екіншісі керісінше мән бермесе жаман.
"Адамдар үшін жыныстық қатынас түрлі мағынаға ие. Кейбіреулер үшін бұл - жай физикалық қажеттілікті қанағаттандыру. Басқалар үшін секс - шынайы махаббаттың көрінісі. Сондықтан адаммен жыныстық қатынасқа түспес бұрын, оның оған деген көзқарасын білу маңызды. Бұл серіктесінен түңілудің алдын алады", - дейді психолог.
Сарапшы жыныстық қатынастан кейінгі достықтың мүмкіндігі көп факторға байланысты екенін айтады. Мысалы, серіктестер жыныстық қатынасқа дейін дос болмаса, онда секс оларды жақындастырып, шынымен жақын және адал достарға айналдыра алмайды.
"Серіктестер бұрын дос болған болса, бірақ көңілді кеш кезінде жыныстық қатынасқа түссе, онда оларға бір-бірін түсінуге ештеңе кедергі болмайды, бірақ олар бір-бірінен сәл, мүмкін ұзаққа, алыстап кетеді", - дейді психолог.
Жанна Петрова серіктестер жақын таныс болса, бір-бірін қолдап, көмектессе, онда жыныстық қатынас жақындықтың жаңа сатысына көтере алатынын айтады.
"Екі адам үшін жеке бостандығы таптаурыннан, міндеттемеден гөрі маңызды болса, арада достық қатынас болуы мүмкін. Сонда оларда мүдделер қақтығысы болмай, орындалмаған үміттерден көңілі қалмайды. Жыныстық қатынас тек эксперимент ретінде болса және оны екеуі де білсе, онда адамдар бір-біріне жеке тұлға ретінде қызығушылық танытқан жағдайда дос болып қалу мүмкін", - дейді Петрова.
Сонымен қатар, психолог жыныстық қатынастан кейін достық пайда болса, онда оның сапасына назар аударады, себебі "достық" сөзінің мағынасы кең.
"Ортақ көзқарастың болуы, көмек қолын созуы, бір-біріне деген құрмет - достық. Жалғыздықтан қорқу, сәтсіз қарым-қатынас, үмітсіздік, депрессия, манипуляция достық емес", - деп түсіндіреді психолог.
Қорытындылай келе, Жанна Петрова өзін-өзі ренжітпеу және жасаған ісіне өкінбеу үшін эмоциямен ойламауға және "достықпен" жыныстық қатынастың салдарын есептеуге кеңес берді.
"Эмоциялар тез өтеді және олардың әсерінен жасалған әрекеттің салдары жағымсыз болуы мүмкін. Мұнда психологияда эмоция мен іс-әрекет арасында "ойлау-ой-эгоны қанағаттандыру үшін әрекетті талдау" формуласын қарастыру қажет. Жыныстық қатынас пен достықты үйлестіре алсаңыз, өте жақсы", - дейді ол.
Егер жыныстық қатынастан кейін достық пайда болмаса, бұдан трагедияны жасамаңыз, бұған тәжірибе ретінде қараңыз, деп қорытындылады психолог.
С. Бөлек