- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жыныма тиіп кетті"....
"Жыныма тиіп кетті". Танымал КВН ойыншысының ене туралы видеосы Қазнетті күлдірді
Қазақ енелерінің бейнесін қайталаған КВН мүшесі Данияр Жұмаділовтің видеосы Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
КВН ойыншысы Instagram-парақшасында ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді. Ал бұл видеода енесі келнінен "жалақы түссе маған беріңдер, мен тығып қоямын" дейді. Келні бұған "тығып қойдым" деп жауап қайтарады. Мұндай жауапты естіген енесі ренжіп, баласының үйінен кетемін деп шығады. Ал баласы анасына қымбат тон сатып алғанын айтып, көңілін аулайды.
"Кеше жалақы алыпсыңдар ғой. Не істейсіңдер? Маған беріп қойыңдар. Мен тығып қоямын", - дейді ол видеода.
Видеоға 88 мың адам лайк басып, 8 мыңнан аса пікір жазылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өнер иесінің ене мен келін туралы түсірген тағы басқа видеолары бар. Мәселен, мына видеода енесі келініне қыдыруға рұқсат беріп, кейін шағым айта бастайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары өнер иесінің актерлік шеберлігіне тәнті болып, пікір қалдырған.
"Енеге агрессия мен манипуляция туралы тренингіге қатысу керек", "Қазақстандық әжелер автобуста қымбат тон киіп отыратыны осыдан екен ғой", "Видеодан қазақстандық енелер өздерін көріп, ұялып қалған шығар", "Экраннан жыныма тиіп кетті ғой", "Енеме ұқсап кетті ғой", - деп пікір қалдырған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек