Вячеслав Дацик Ресейде өткен Hardcore Boxing турнирінің басты айқасында Александр Емельяненконы нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды FightSpace Telegram-арнасы.
Жекпе-жек бірінші раундтың 13-секундында аяқталды.
"Есінеп кетіппін. Қарымта керек. Сөз беремін, түзелемін", - деді Емельяненко.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, Дацик қарымтаға келісім берген, тараптар жекпе-жек шарттарын талқылап жатыр.
Айта кетейік, 2010 жылы Дацик Ленинград облысындағы жындыханадан Норвегияға қашып кеткен еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!