- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жын ұрған ба?...
"Жын ұрған ба? Не айланып жүр?" Қазақстандық блогер жаңа видеосымен жұртты ашуландырды
Қазақстандық блогер, әнші Гүлмира Ізбасқанова әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа видео жүктеп, жұрттың қызу талқысына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан блогердің көлікті айналып кетіп бара жатып күлгенін көруге болады.
"Ассалаумағалейкум", - деп жазған блогер.
View this post on Instagram
Блогердің бұл қылығы Желідегі жұртты ашуландырды.
"Не артық не жетпейді", "Мына жүрісің, күлгенің дені сау адамдікі емес", "Мына күлкі шайтан сияқты", "Басында тәп-тәуір қыз еді. Жақсы көріп едік. Қазір ерсі қылығы көп. Қуды бұл қыз", "Осы әншілерге мәдениет сабағын өткізу керек", "Шегіп алған сияқты өмірі ыржыңдап", "Неге ерсі қылық жасайсың? Мас адам сияқты", "Сұмдық, өкінішті, ұят-ай. Әндеріңді енді мүлдем тыңдамаймын деп шештім", "Жын ұрған ба? Не айланшақтап қуып жүр", "Жек көрінішті, жиіркенішті. Басқа не деуге болады?", "Айналайын-ау, қазақтың әжептеуір бұрымды қызы едің. Не мына сықылың? Не еркек емес, не қылықты қыз емес. Сендерде ұят, намыс, ар деген бар ма өзі? Қыз қылығымен қылықты деуші еді дана қазақ. Саған қарасаң жалмауызды кемпірді көргендей болады екенсің", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Барымта деген не?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә