Павлодарда жын-шайтандардан қорғаймын деген көріпкел танысынан 120 миллион теңге алып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
"35 жастағы алаяқ жәбірленушіні өзіне және оның отбасы мүшелеріне жындардан қорғаныс қою керек деп сендірген. Әйел оларды шақырып, бірлесе әрекет жасай алатынын айтқан. Осындай қамқорлығы мен жұмысы үшін әйел ірі көлемде ақша алған", - деді Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Алғашында жарты миллион теңгеден сәл асатын сомалар алған. Павлодардың бір тұрғынына 2,2 миллион теңгеге "бизнес жүргізуге және өсек-аяң мен қызғаныштан қорғаныс қойып" берген. ҚАЖД мәліметінше, кейін жәбірленуші бір қызметі үшін көріпкелге 8 миллион теңгеге дейін берген.
Алаяқ бес жылға сотталды. Ол жазасын Абай облысындағы орташа режимдегі әйелдер колониясында өтейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!