Жылыту маусымына дайындыққа 39,9 миллиард теңге бөлінді

Жылумен жабдықтау көздері мен желілерінің тозуы жоғары өңірлерге ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй секторына кезең-кезеңімен жылу берілді.

Көкшетау қаласы бойынша жөндеуге Үкімет резервінен 3,7 миллиард теңге бөлінді. Аудандық қазандықтар мен жылу желілерінде жоспарланған жұмыстар толық орындалды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша Степногорск қаласы бойынша 2,7 миллиард теңге көлеміндегі Үкімет резервінің қаражаты есебінен жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда престеу жұмыстары жүргізілуде. Жылу электр орталығында және жылу желілерінде энергокешеннің 7,9 миллиард теңге көлеміндегі өз қаражаты есебінен бекітілген кестеге сәйкес негізгі жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жарқайың және Есіл аудандарында жылу желілерін жөндеу аяқталу сатысында. Биыл республикалық бюджеттен Щучинск және Ерейментау қалаларында жобаларды іске асыруға қаражат бөлінді.

"Өзекті мәселелердің бірі – халықты көмірмен қамту. Бүгінгі таңда облысқа 330 мың тоннадан астам көмір әкелінді. Облыстың көмір тұйықтарында 60 мың тоннадан астам қатты отын бар", – дейді сала мамандары.

Материалды Ақмола облысының әкімдігі ұсынды

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!