- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жылына екі рет...
"Жылына екі рет бриллиант". Әнші Алтынай Жорабаева оқырмандарына қымбат сыйлықтарын көрсетті
Әнші Алтынай Жорабаева күйеуінен жылына екі рет бриллиант алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасында жариялады. 45 жасқа толған әнші туған күнін тек жақындарымен ғана атап өтті. Жүктілігіне байланысты әзірге жиын-той, сауық кештерін тоқтатқан. Өнер иесі сөз басын алғыстан бастады.
"Биылғы туған күнімде ерекше сезімде жүрмін. Жекеменшік мерекемді отбасыммен ғана атап өттім. Жан-жарым мен қыздарым қасымда. Тілек жаудырып жатқан барлық ағайынға мың алғыс", – деді туған күн иесі."Жыл сайын ерекше сыйлықты жолдасым береді. Биыл да соңғы үлгідегі айфон сыйлады. Осы жерде Әлішердің маған және отбасы мүшелеріне не сыйлайтынын айтып берейін: Жолдан, гастрольден келе жатсам, 9 тал раушан гүлімен күтіп алу, егер жанымда адам болса оған да үш тал раушан гүлі. Туған күнге телефон сыйлауды әдетке айналдырып алды. Жылына екі рет бриллиант, қыздарға телефон, планшет, макбук, өзінің ата-анасына қымбат техникалар, менің ата-анамның телефонын жаңарту осы кісінің мойнында. Тіпті немере-жиен, бауырларына да соңғы үлгідегі телефон, құлаққап сыйлап жатады", – дейді әнші.
Әнші оқырмандарының: "Сіз не сыйлайсыз?" деген сауалына да жауап берді.
"Өнер адамы болғандықтан, алдымен, ән арнаймын. Репертуарымдағы "Ешкімге бермеймін", "Ұнайды", "Сезім бағы" әндерін жолдасыма арнағанмын", – деді.
Айта кетейік, әнші екінші некесінен бесінші сәбиін күтіп жүр. Төрт қыздан кейін, бір ұлды армандайтынын да жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы