- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жылына 22 cарбаз...
Жылына 22 cарбаз суицид жасайды: Қауіпсіздік комитетінің ресми статистикасы
Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 22 cарбаз көз жұмады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің редакцияның ресми сауалына берген деректері бойынша соңғы 4 жылда Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінде 86 суицид оқиғасы тіркелген.
«Тек Қарулы күштерді (ҚК) алатын болсақ, 40 суицид фактісі тіркелген (7 офицер, 22 келісімшарт қызметкері, 4 курсант және 7 мерзімді қызметкер). Қазіргі таңда Қарулы күштердегі 6 факті бойынша тергеу жүріп жатыр (қалған 34 жағдайда қылмыстық құрам анықталмаған). Қызметтік тексерістерден кейін 11 адам жұмыстан шығарылып, 167 адам тәртіптік жаза алды», – делінген ресми жауапта.
Қыркүйектегі суицид деректері
Бүгін, 30 қыркүйек Ақтауда декреттік демалыстағы әскери қызметші өз үйінде өлі күйінде табылды. Бұл салада бір ай ішінде орын алған төртінші қайғылы жағдай.
7 қыркүйек Маңғыстау полигонында мерзімді әскери қызметші жарақат салдарынан көз жұмды. Жауынгерді взвод командирі атып өлтірген. Қайтыс болған сарбаздың әкесі Қорғаныс министріне бейнеүндеу жолдаған. Қорғаныс министрлігі кейінірек кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.
16 қыркүйекте Қазақстанның оңтүстігіндегі Арыс гарнизонының бір әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі басынан травматикалық қарудан жарақат алды.
19 қыркүйекте Аягөзде әскери қызметшінің денесі табылды. Гарнизонның хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша офицер өз-өзіне қол жұмсаған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Бақдаулет